09:06, 3 желтоқсан 2025 Шымкентте полиция департаменті жаңа заманауи дрондармен толықты. Бұл құрылғылар түнгі уақытта тиімді патруль жүргізуге арналған. Олар қуатты жарық шамдарымен, түнгі түсірілім камераларымен, дауыс зорайтқыштарымен жабдықталған және қаланың қараңғы аумақтарын бақылауға мүмкіндік береді. Аталған технологиялар құқық бұзушылықтарды ...
23:01, 2 желтоқсан 2025 Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қалқаман» метро бекетінің және оған іргелес тоннельдердің құрылыс жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, сол жақтағы тоннельде рельстер төселіп, жарықтандыру, кабель тарту, су құбыры мен дренаж жүргізу, инженерлік жабдықтарға арналған ...
21:59, 2 желтоқсан 2025 Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшесінің қиылысында оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан полицияның жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері электровелосипедтен шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz. Полицейлер жедел түрде отты оқшаулап, оның таралуына жол бермеді. Бөлімшенің бірнеше жауынгері ...
22:20, 2 желтоқсан 2025 «Петроглиф ізшілері» қорының еріктілері 2025 жылы 27 экспедицияға шығып, Алматы, Жамбыл мен Жетісу облысында петроглифтердің 11 жаңа шоғырын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz. Сондай-ақ бұрын белгісіз болып келген ерте темір дәуірі мен түркі кезеңіне жататын ондаған қоныс ...
Синоптиктер елдің 16 облысының тұрғындарына ауа райының күрт өзгеретіні туралы ескертті. Республиканың кей өңірлерінде жел күшейіп, тұман түседі, жауын-шашын болады, ал кей жерлерде ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Zakon.kz. Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды облысының батысында, шығысында, күндіз ...
21:43, 2 желтоқсан 2025 Гандболдан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңдегі соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz. Үшінші ойында қазақстандықтар Оңтүстік Корея командасымен кездесті. Бұл матчта 35:17 есебімен оңтүстіккореялықтар жеңіске жетті. Осылайша, отандастарымыз Н тобында бір де ...
21:12, 2 желтоқсан 2025 Стамбул-Ақтөбе бағыты бойынша ұшқан Pegasus әуе компаниясының ұшағы 2 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтауға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Азаматтық авиация комитетінің Zakon.kz-ке берген мәліметінше, бортта 216 жолаушы болған. «Әуе компаниясының өкілдері жолаушыларға Стамбулға ...
20:49, 2 желтоқсан 2025 Алматыда полиция алты мас жүргізушіні тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Алматы қаласында жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. «Жол қауіпсіздігі мәселелері – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Патрульдік экипаждар күшейтілген ...
20:39, 2 желтоқсан 2025 Ақтөбе облысында Экойл жанармай стансасынан Қызылорда облысының шекарасына дейін, ал Павлодар облысында Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін жол жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Ақтөбе облысы 2025 жылғы 2 желтоқсан сағат 19:30- да ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы — ...
20:04, 2 желтоқсан 2025 Орал қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жеке үйден электр құралдарын және ақша қаражатын ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған 35 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz. Полиция мәліметінше, күдікті үйге заңсыз кіріп, бұрғы, электр ара, ...









