жолаушылар Ақтөбеге бармайынша ұшақтан түспей қойған


21:12, 2 желтоқсан 2025

Стамбул-Ақтөбе бағыты бойынша ұшқан Pegasus әуе компаниясының ұшағы 2 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтауға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық авиация комитетінің Zakon.kz-ке берген мәліметінше, бортта 216 жолаушы болған.

«Әуе компаниясының өкілдері жолаушыларға Стамбулға кері ұшып, 2-3 күннен кейін Ақтөбеге қайта бағытталуды ұсынған. Алайда бұл нұсқа 186 жолаушы тарапынан қабылданбады. Олар Ақтөбеге өз бетінше жетуге шешім қабылдаған», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әуежайдың желілік полиция бөлімі қызметкерлері, әуе компания өкілдері және авиациялық қауіпсіздік қызметі жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

«Келіссөздердің нәтижесінде жолаушыларға әуе компаниясының тұрғын жаймен қамтамасыз ету және Ақтөбеге дейінгі билеттерді беру жөніндегі міндеттемесін растайтын электронды түбіртек жолданды. Қазіргі уақытта тараптар келісімге келді. Жолаушылар әуе кемесін тастап шықты, оларға тұру және тамақтану қамтамасыз етілуде», — деп хабарлады ведомство.