Алматыда бір түнде алты мас жүргізуші ұсталды


20:49, 2 желтоқсан 2025

Алматыда полиция алты мас жүргізушіні тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласында жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

«Жол қауіпсіздігі мәселелері – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Патрульдік экипаждар күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда. Авариялық жағдайларға тікелей әсер ететін өрескел бұзушылықтар бойынша бақылау айтарлықтай күшейтілді», — деді Алматы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Серікұлы.

Кейінгі тәулікте полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарудың алты фактісін, мемлекеттік нөмірсіз жүрген 12 жүргізушіні, сондай-ақ жалған нөмір қойылған екі көлікті және өзге де бірқатар өрескел құқық бұзушылықты анықтады.

Профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға үндеді.