Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан әлем чемпионатындағы үшінші матчында жеңіліп қалды


21:43, 2 желтоқсан 2025

Гандболдан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңдегі соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үшінші ойында қазақстандықтар Оңтүстік Корея командасымен кездесті. Бұл матчта 35:17 есебімен оңтүстіккореялықтар жеңіске жетті.

Осылайша, отандастарымыз Н тобында бір де бір ұпай жинай алмай, соңғы орынға жайғасты. Бұған дейін қазақстандықтар Ангола мен Норвегияға есе жіберген еді.

Енді ұлттық құрама жарысты «Президент кубогында» жалғастырады. Оның қорытындысы бойынша 25-32-орындардың иегерлері анықталады.

Айта кетейік, жалпы әлем чемпионатына 32 құрама қатысуда. Әлем біріншілігі Нидерланд пен Германияда өтуде. Қазақстан топтық кезеңдегі ойындарын Германияның Трир қаласында өткізді.