16:13, 7 қаңтар 2026
Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс 8-11 қаңтар аралығында ұйымдастырылады.
«Сарыарқа» велотрегі елдің ең мықты шабандоздарын қабылдайды. Олар ұлттық чемпион атағы мен жаңа маусымдағы алғашқы рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды.
Бәсекелер ерлер мен әйелдер арасында өтеді. Сондай-ақ жарысқа жасөспірімдер де қатысады.






Leave a Reply