10:57, 12 сәуір 2026
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы Осиекте (Хорватия) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде екі медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандастарымыз екі жүлдені де ат снарядындағы жаттығуда жеңіп алды.
Күміс жүлдені Зейнолла Ыдырысов иеленді. Ол финалда 14,600 ұпай жинады. Ал Нариман Құрбанов 14,000 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Армениялық Гамлет Манукян 14,733 ұпай жинап, жеңіске жетті.
Айта кетейік, Милад Карими де финалға жолдама алды. Ол кермедегі жаттығуда медаль үшін сынға түседі.






Leave a Reply