15:58, 7 қаңтар 2026
«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 8 қаңтарға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» болжамынша, бейсенбі күні ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды.
«Республиканың көп бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты негізінен жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Ал елдің солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауып, боран соғады деп болжанып отыр.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін.






Leave a Reply