17:48, 20 ақпан 2025
Атырауда заңсыз қарабалық тасымалдаған күдіктілер ұсталды
18 ақпан күні Атырау облысы полиция департаментінің балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімінің қызметкерлері Каспий теңізі бағытынан Шман өзені арқылы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағынан Еркінқала ауылына бет алған Урал мотокөлігін тоқтатты.
Тексеру кезінде мотокөліктің жүк салғышынан 3 сұр қапқа оралған қытай ау торлары, 1 дана радиоқабылдағыш, 58,3 келі қарабалық салынған 1 ақ қап, 2 мұз ойғыш құрал, 1 пышақ және 1 басқа тағатын жарық шам табылды.
Тәркіленген балықтар тиісті орынға – «Надежда» цехына тапсырылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 335-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.






Leave a Reply