17:59, 20 ақпан 2025
Екібастұз ауруханасында целлофанмен ботқа берген. Сондай-ақ палаталардың ластығына шағымдар болған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Instagram-да Торайғыров көшесі, 32 мекенжайында орналасқан жаңа жұқпалы аурулар ауруханасында әйел адамның лас палаталарға шағымданғаны түсірілген видео тарады.
Оның айтуынша, палаталардың терезелері, перделері, қабырғалары жуылмаған. Сондай-ақ ол кейбір санитарлар палаталарды жуудан бас тартатындығына шағымданады. Ал жақында ауруханада түскі асқа берілген ботқадан целлофан пакеттің ұзын қиығы табылды.
Екібастұз қалалық №2 ауруханасы бұл жағдайға қатысты жауап берді.
«Ауруханада жұмыс жағдайлары қиын және жалақысы төмен болғандықтан, санитарлар айтарлықтай жетіспейді», — деп хабарлады аурухана.
Аурухананың мәліметі бойынша, кейінгі уақытта кіші медицина қызметкерлерінің жұмысына және тамақ сапасына қатысты шағымдар түспеген.






Leave a Reply