14:28, 21 мамыр 2025
21 мамыр күні таңертең Алматыда жеке тұрғын үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 06:48-де өрт сөндірушілер Алатау ауданы, Ақбұлақ шағын ауданы, Қасым Шәріпов көшесіне жіберілді.
Сурет: Zakon.kz
«Сағат 06:56-да келген кезде 150 м² аумақтағы екі қабатты үйдің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды», – деп хабарлады ведомство.
Сурет: Zakon.kz
Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кірісті. Барлау және сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды. Жеке басы анықталып жатыр.
Өрт сағат 08:22-де толығымен сөндірілді. Оқиға орнында 35 адам және сегіз техника жұмыс істеді.
Сурет: Zakon.kz
Сондай-ақ оқиға орнынан 1973 жылғы жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді.
Бұған дейін Алматыда жантүршігерлік апат болып, екі адамның көз жұмғандығы жайлы жазған болатынбыз.






Leave a Reply