4 қазанда елдің бес облысында -3°С-қа дейін үсік болады


2025 жылғы 4 қазан, сенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, антициклон сілемі әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тек солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады.

Сонымен қатар республика аумағында жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстікте – шаңды дауыл, шығыста – көктайғақ болжанып отыр.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде -1-3°С үсік болады.

Елдің басқа өңірлерінде:

  • Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі;
  • Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігі, оңтүстігі, батысы мен шөлді аудандарында, Атырау облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанып отыр.