Қазақстанда сыра, мотор майы және басқа да өнімдерге таңбалау енгізіледі


Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тізімге жаңа тауарларды қосу ұсынылған:

  • сыра,
  • мотор майлары,
  • жеңіл өнеркәсіп өнімдері,
  • сайға туындылары (дериваттары).

Түсіндірмеде айтылғандай, тізімнің жаңа тауарлармен кеңейтілуі тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құжат 8 қазанға дейін ашық НҚА порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда міндетті таңбалауға темекі өнімдері, аяқ киім және дәрі-дәрмек жатады.