25 ақпанда қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды


«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 25 ақпанда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылордада күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, күннің екінші жартысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Шымкентте түнде және күннің соңында жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күннің екінші жартысында жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 25 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын, облыстың орталығында, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 25 м/с күтіледі. Қызылордада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 25 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 25 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемеде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстіқ-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.