Александр Шевченко тартысты матчта жеңіске жетті


21:18, 14 қазан 2025

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко ATP 250 Almaty Open турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Казақстандық теннисші турнирдің алғашқы айналымында сербиялық Ласло Джерені 7:6 (7:1), 7:6 (14:12) есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 8 минутқа созылды.

Екінші айналымда Шевченко әлемнің 41-ракеткасы, француз Корентен Мутемен кездеседі.