24-26 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтіледі


17:52, 23 наурыз 2025

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күн — 2025 жылдың 24-26 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

24 наурыз: аспан бұлтты, жаңбыр аралас қар, боран мен көктайғақ. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14, кейде тіпті 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -6…-8°, күндіз -1…-3°.

25 Наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-12°, күндіз 0…+2°.

26 наурыз: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде-10…-12°, күндіз +5…+7°.

Алматы

24 наурыз: бұлтты,таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+ 9°, күндіз + 13…+ 15°.

25 Наурыз: аспан бұлтты, аздаған жауын-шашын жауады. Тұман түседі. Түнде ауа температурасы -1…+1°, күндіз +4…+6°.

26 наурыз: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°, күндіз +4…+ 6°.

Шымкент

24 наурыз: аспан бұлтты, күндіз қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 8-13 м/с, кей тұста – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°, күндіз +15…+17°.

25 Наурыз: аспан бұлтты, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 8-13 м/с, күндізгі екпіні – 15-20 м/с-ге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +6…+8°, күндіз +10…+12°.

26 наурыз: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6°, күндіз +8…+10°.

Бұған дейін Алматы облысында қар көшкіні жүріп, тас жолды жауып қалғандығы хабарланған болатын.