24 наурызға арналған ауа райы болжамы


18:23, 23 наурыз 2025

Синоптиктер алдағы дүйсенбі, 2025 жылғы 24 наурызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр аралас қар күтіледі.

«Елдің оңтүстігінде нөсер жаңбыр, оңтүстік-шығыста, батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, ел аумағында тұман мен желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай болжануда.

Бұған дейін 24-26 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтілетіндігі жайлы жазған болатынбыз.