14:57, 26 ақпан 2026
2026 жылғы 26 ақпанда Азаматтарға арналған үкімет КЕАҚ баспасөз қызметі ХҚКО, соның ішінде мамандандырылған орталықтарда жұмыс істейтін әрі үйге барып қызмет көрсетуді қамтитын «Жеке менеджер» сервисі туралы жан-жақты мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың түсіндіруінше, қызметті алу үшін кез келген ХҚКО-дағы немесе мамандандырылған орталықтағы тіркеу сөресіне жүгіну жеткілікті. Жеке менеджер өтініш беруден бастап дайын құжатты алғанға дейін барлық кезеңде сүйемелдейді.
Қызмет құны:
- қарапайым ХҚКО-ларда – 5 697 теңге;
- мамандандырылған орталықтарда – 6 306 теңге;
- үйге барып қызмет көрсету – 7 447 теңге.
«Өтінімді мемлекеттік корпорацияның сайтындағы «Азаматтарға арналған қызметтер» бөлімінде немесе 1414 байланыс орталығы арқылы беруге болады. Өтінім расталғаннан кейін оператор клиентпен хабарласып, қызмет көрсету шарттарын нақтылайды», – деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.
Аталған сервис әсіресе кішкентай баласы бар ата-аналарға, кәсіпкерлерге, егде жастағы адамдарға және жұмыс кестесі тығыз азаматтарға ыңғайлы.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтарға басқа қалаға көшкен кезде автокөлікті тіркеу тәртібі түсіндірілген болатын.






Leave a Reply