Қазақстанда азаматтарға медициналық сақтандыру қаражатын жеке мақсатта пайдалану мүмкіндігі берілмейді. Бұл туралы 2025 жылғы 7 қазанда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, бұл мәселе өткен жылдан бері түрлі деңгейде көтеріліп келеді. Алайда Қазақстанда әлеуметтік сақтандыру элементтері бар медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істейді.
«Медициналық сақтандыру жүйесі бұл қаражатты қайтаруды немесе жеке, шартты жинақ шоттарына аударуды көздемейді», – деді Ақмарал Әлназарова.
Айта кетсек, осы күні «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқарма төрағасы Айдын Күлсеитов елдегі ауруханалардағы «припискалардың» саны 19 есе азайғанын хабарлаған болатын.






Leave a Reply