21:18, 16 наурыз 2025
Қарағанды облысында 15 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен 38 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы 16 наурызда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, арыз полицияға 15 наурызда түскен. Сол күні қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазіргі уақытта тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады департамент.
Бұл оқиғаға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де түсінік берді.





Leave a Reply