Тоқаев парадқа қатысқан әскери қолбасшылармен бірге суретке түсті


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі 2025 жылы 7 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад кезінде түсірілген суреттер мен видеомен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.

Сурет: akorda.kz

«Қасым-Жомарт Тоқаев парадқа қатысқан әскери қолбасшылармен суретке түсті», делінген фотосурет сипаттамасында.

Сондай-ақ баспасөз қызметі Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадта сөйлеген сөзінің видеосын да жариялады.

Әскери парадқа бір топ ардагер арнайы қатысты. Бүгінгі мерекеде майдангерлерге ерекше құрмет көрсетілді.

пвапвпа