«Қазгидромет» 15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады


18:08, 14 қазан 2025

Қазақстанда алдағы сәрсенбі, 15 қазанда, ауа райына антициклон мен атмосфералық фронттардың әсері байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алдағы тәулікте ауа райы айтарлықтай өзгермейді – антициклон әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады. Ал батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл мен тұман болады», — делінген синоптиктердің хабарламасында.

Сондай-ақ түнде Жетісу облысында –2…–7°С дейін үсік күтіледі.

Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады:

  • Жоғары өрт қаупі – Маңғыстау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Ақмола және Ұлытау облыстарының шығысы мен орталығында, Абай облысының оңтүстігінде;
  • Өте жоғары өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының жекелеген аудандарында сақталады.