Қазақстанда теледидар мен радио уақытша өшіріледі


17:43, 14 қазан 2025

16 қазан күні «Қазтелерадио» АҚ 2025 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған профилактикалық жұмыстарды жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, сол күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердегі техникалық құралдарда қызметтер уақытша тоқтатылады.

«Жұмыс жүргізу барысында еліміздің бүкіл аумағында телерадиоарналарды қайта тарату уақытша тоқтатылады», — делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ түсіндіргендей, бұл жұмыстар телерадио хабарларын үздіксіз және сапалы тарату үшін қажет.

«Компания телехабар тарату сапасын арттыру және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын профилактикалық жұмыстар жүргізеді», — деп атап өтті мекеме өкілдері.