Қазақстан үстел теннисінен Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады


21:56, 14 қазан 2025

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Бхубанешвар қаласында (Үндістан) өтіп жатқан командалық Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалға шығу жолындағы кездесуде ерлер құрамасы Солтүстік Корея командасына 1:3 есебімен есе жіберді.

Кирилл Герасименко — Хэм Ю Сон 3:0.

Алан Құрманғалиев — Ри Чон Сик 2:3.

Санжар Жұбанов — Чон Чон Бом 0:3.

Кирилл Герасименко — Ри Чон Сик 2:3.

Одан кейін қазақстандықтар Сингапур командасымен кездесіп, 2:3 есебімен ұтылды. Нәтижесінде ерлер құрамасы Азия чемпионатында 10-орынды иеленді.

Әйелдер командасы өз тобында екінші орын алып, жарыстың 11-14-орындары үшін бақ сынады.

Қазақстан — Иран 1:3.

Сарвиноз Миркадирова — Неда Шахсавари 1:3.

Зәуреш Ақашева — Сафари Шимла 0:3.

Жанерке Көшкімбаева — Илухани Сеташ 3:1.

Зәуреш Ақашева — Неда Шахсавари 2:3.

Қазақстан — Макао 3:0.

Зәуреш Ақашева — Чон Чи Хун 3:0.

Сарвиноз Миркадирова — Чонг Иок Тенг 3:0.

Альбина Жақсылықова — Сик Хуэй Ли 3:1.

Осылайша, жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер 13-орынға табан тіреді.