15:09, 27 тамыз 2025
ҚР Ұлттық тестілеу орталығы бүгін, 2025 жылғы 27 тамызда, ҚР азаматтығын алуға үміткерлерге маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық тестілеу орталығы ҚР азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 2-10 қыркүйек аралығында өтетіндігін мәлімдеді.
«Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.Тестілеудің өзі 11 қыркүйекте өтеді». ҚР Ұлттық тестілеу орталығы
Тестілеу 3 бөлімнен тұратындығы атап өтілді:
- қазақ тілі бойынша тест (қазақ тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма, шекті балл – 20;
- Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15.
Белгілі болғандай, ең жоғары балл – 100, шекті балл – 50.
Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі.
Ал, тестілеуге қатысу құны – 14 693 тг.
«Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде қолжетімді.Дайындығын жақсартуды қалайтын үміткерлер үшін тегін (testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде) және ақылы (app.testcenter.kz сайтында «Байқау сынағы» бөлімінде – 3355 тг.) байқау сынағы ұсынылған»,- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Қазақстанда азаматтыққа қабылдау кезінде мемлекеттік тілді білу талаптары өзгертілгені хабарланған болатын.






Leave a Reply