15:26, 27 тамыз 2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов 2025 жылғы 13 тамыздағы өкімімен Алматы қаласындағы көші-қон үдерістерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алматы қаласындағы көші-қон үдерістерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылсын» – делінген құжатта.
Жұмыс тобының құрамына кіргендер:
- ҚР Премьер-министрінің орынбасары,
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі,
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы,
- ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары,
- ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары,
- ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі,
- ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі,
- ҚР Оқу-ағарту вице-министрі,
- ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі,
- ҚР Ұлттық экономика вице-министрі,
- ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі,
- ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары (келісім бойынша),
- ҚР Үкіметі Аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі,
- Алматы қаласы әкімінің орынбасары,
- Алматы облысы әкімінің орынбасары,
- «Алматы Менеджмент Университеті» білім беру мекемесінің директоры (келісім бойынша),
- «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті (келісім бойынша),
- ҚР Индустрия және құрылыс министрлігіне қарасты «Мемлекеттік қалақұрылыстық жоспарлау және кадастр республикалық орталығы» РМК бас директорының орынбасары (келісім бойынша),
- «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
Жұмыс тобына 2025 жылғы 20 тамызға дейін Алматы қаласындағы көші-қон үдерістерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеп, оларды ҚР Үкіметі Аппаратына енгізу тапсырылды.






Leave a Reply