19:14, 13 сәуір 2026
Қытайдың Мэйшань қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионаты өтті. Турнирде қазақстандық спортшылар жарыс бағдарламасының барлық түрлерінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қиындық» дисциплинасында Алексей Панфилов 39-орын алды, Глеб Семешкин – 43-орын, Азат Майкотов – 45-орын. Полина Андреева 32-орынға ие болды, Дарья Кузьменко – 33-орын, Виктория Адаменко – 34-орын.
«Жылдамдықта» Дамир Токтаров оныншы нәтиже көрсетті, Амир Маймуратов – 13-орын, Ришат Хайбуллин – 15-орын, Бекнур Алтынбеков – 17-орын, Жандос Калыбай – 38-орын, Аделия Утешева – 22-орын, Анна Баларшина – 23-орын, Арина Новицкая – 24-орын, Тамара Улжабаева – 27-орын.
Сондай-ақ Қазақстан боулдерингте де ұсынылды. Азат Майкотов 38-орын алды, Алексей Панфилов – 45-орын. Вадим Ишмұхаметов, Глеб Семешкин және Кымсан Цой жарысты 47-орында аяқтады.
Әйелдер арасында Полина Андреева 33-орын алды, Дарья Кузьменко – 36-орын, Айханым Айдарханқызы – 37-орын, Виктория Адаменко – 38-орын.
Бұған дейін еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазғанбыз.






Leave a Reply