18:58, 13 сәуір 2026
Алматы қаласында бірден үш қоғамдық көліктің жүру бағыты уақытша өзгереді. Бұған Оңғарсынова көшесінің бір бөлігінде жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 13 сәуірде Алматы Көлік холдингінің Telegram – каналынан белгілі болды:
«Оңғарсынова көшесінің Ақберен көшесінен Қожабеков көшесіне дейінгі учаскесінде құрылыс – монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №84А, №115 және №142 маршруттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді».
№84А
- Солтүстік бағытта: «SMOLL» супермаркеті соңғы аялдамасынан бастап – Орталық к. – Айналмалы к. – Жаңа Ғасыр к. – Қожабеков к. – Оңғарсынова к. – Мөңке би к. – әрі қарай сызба бойынша.
- Оңтүстік бағытта: «Мөңке би / Оңғарсынова» соңғы аялдамасынан бастап – Оңғарсынова к. – Қожабеков к. – Жаңа Ғасыр к. – Орталық к. – әрі қарай сызба бойынша.
№115
- Солтүстік бағытта: Оңғарсынова к. – «Наурыз к.» соңғы аялдамасына дейін, оңтүстік бағытта кері бұрылу.
- Кері бағытта: «Наурыз к.» соңғы аялдамасынан бастап – Оңғарсынова к. – әрі қарай сызба бойынша.
№142
- Солтүстік бағытта: Момышұлы к. – Мөңке би к. – Оңғарсынова к. – әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: Оңғарсынова к. – Мөңке би к. – Момышұлы к. – әрі қарай сызба бойынша.
Бұған дейін Алматыда жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандырудың жаңа жүйесі сынақтан өткізілуде екенін жазғанбыз.






Leave a Reply