Қазақстандық баскетболшы қыздар Өзбекстан мен Қырғызстан құрамаларын ойсырата жеңді


21:52, 30 наурыз 2026

Астанада 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы баскетболдан Азия кубогының іріктеу турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық Азия елдері арасындағы іріктеуге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысты.

Біздің команда алғашқы ойында Қырғызстанды 75:34 есебімен жеңді. Шешуші кездесуде қазақстандықтар Өзбекстаннан да басым түсті. Есеп — 89:41.

Осылайша, Қазақстан бірінші орынды иеленіп, биылғы жылдың қыркүйек айында Таиландта өтетін Азия кубогына жолдама алды.

Бұған дейін велошабандоз Әлішер Жұмақанов Азия чемпионатында тағы бір күміс медаль ұтып алғанын жазғанбыз.