Желіде Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінде медициналық академияда оқитын үндістандық студенттің қайтыс болғаны туралы мәлімет тарады. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Қалалық полиция департаменті фактіні растап, қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Өлімнің алдын-ала себебі де белгілі — кенеттен жүрегі тоқтап қалған.
«Зорлық-зомбылықпен өлімнің белгілері табылған жоқ. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды». Шымкент ПД баспасөз қызметі
Сондай-ақ, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатқандығы атап өтілді.
Бұған дейін Қазақстанда зергерлік бұйымдарды сатудың жаңа ережелері әзірленгені хабарланған болатын.






Leave a Reply