ШҚО-да аю әкімдік ғимаратына «кіріп-шыққан»


18:58, 18 тамыз 2025

Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардың бірінде әкімдік ғимаратына аю кіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы gde_novosti_uka жергілікті парақшасында түнде қаланы аралап жүрген маймақ аяқтының видеосы пайда болды. Видео сипаттамасында әзіл-шыны аралас былай делінген: «Маймақтың Серебрянск әкімдігінде шаруасы бар сияқты, сондықтай өзі жекелей кіріп-шығайын деп шешкен секілді».

Видео астындағы түсініктемелерден жұртшылықтың аю арқылы қоғамның бүгінгі өзекті мәселелерін жеткізуге тырысқанын көруге болады:

  • «Әкімдік қайда қарап отырғанын сұрап шығайын деген шығар».
  • «Ол өзі әкім қабылдауына жазылып па екен?»
  • «Әділдік іздеп келген болар»
  • «Коммуналдық қызмет мәселесі бойынша сөйлеспек, неге бағаларды тоқтаусыз көтере береді деп». «Жануарлардың да әкімдікке қоқыстан бастап қояр көптеген сұрақтары бар».
  • «Айыппұл төлеуге келген болар!».