Алматы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды


18:52, 18 тамыз 2025

Алматы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен 2025 жылғы 18 тамызда Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Алмасхан Сматлаев тағайындалды.

Ол экология, энергетика, көлік және коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін болады.