18:58, 18 тамыз 2025
Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардың бірінде әкімдік ғимаратына аю кіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Instagram-дағы gde_novosti_uka жергілікті парақшасында түнде қаланы аралап жүрген маймақ аяқтының видеосы пайда болды. Видео сипаттамасында әзіл-шыны аралас былай делінген: «Маймақтың Серебрянск әкімдігінде шаруасы бар сияқты, сондықтай өзі жекелей кіріп-шығайын деп шешкен секілді».
Видео астындағы түсініктемелерден жұртшылықтың аю арқылы қоғамның бүгінгі өзекті мәселелерін жеткізуге тырысқанын көруге болады:
- «Әкімдік қайда қарап отырғанын сұрап шығайын деген шығар».
- «Ол өзі әкім қабылдауына жазылып па екен?»
- «Әділдік іздеп келген болар»
- «Коммуналдық қызмет мәселесі бойынша сөйлеспек, неге бағаларды тоқтаусыз көтере береді деп». «Жануарлардың да әкімдікке қоқыстан бастап қояр көптеген сұрақтары бар».
- «Айыппұл төлеуге келген болар!».





Leave a Reply