Шымкенттегі жеке тұрғын үйдегі алапат өрт шықты


11:22, 9 наурыз 2025

Бүгін, 9 наурызда таңертең Шымкенттегі Юсуф-ата көшесі бойындағы бір қабатты жеке тұрғын үйде өрт шықты. Өрт салдарынан жеңіл көліктің тас-талқаны шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылардың 650 шаршы метр аумақты шарпыған өртті үш сағат ішінде сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ.

«Оқиға орнында анықтаушылар мен өрт сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.