11:56, 9 наурыз 2025
Ішкі істер министрлігі ел аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, үш күн ішінде 30-дан астам қару жасырылған жер анықталып, 360 түрлі атыс қару, 12 граната және үш мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.
«Сонымен қатар бұрын ұрланған жеті қару анықталды, оның төртеуі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Бұдан бөлек, бұрын жоғалған алты қару тәркіленіп, 14 қару ерікті түрде тапсырылды», — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Шара барысында атыс қаруын заңсыз сақтау және алып жүрудің 120 фактісі анықталып, 200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.






Leave a Reply