Түркістанда мұнай базасында өрт болды


21:21, 24 қараша 2025

Түркістан қаласында Саттарханов көшесінде орналасқан мұнай базасынан өрт шығып, от тез тарала бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер шалт әрекет етіп, тез жұмыс істеді: өрт оқшауланып, толығымен жойылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады!

Бұған дейін өрт сөндірушілер Алматыда екіқабатты қоймадан шыққан алапат өртті сөндірген болатын.