Алматыда алай-дүлей нөсер басталды: қалада не боп жатыр


7 сәуір күні кешке Алматыда ауа райы күрт нашарлады. Қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпіні 20 м/с-қа дейін жететін қатты жел соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, қолайсыз ауа райы кенеттен басталған — санаулы минуттарда жел күшейген. Кейбір аймақтарда электр қуаты мен ұялы байланыс үзілгені хабарланды.