тіркеу, жауапкершілік және уақытша тұру ережелері


14:36, 14 ақпан 2025

Маңғыстау облысында есептік кезеңде 3873 шетелдік уақытша тіркеуге алынды.

Қазақстан Республикасы аумағында болу ережелерін және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген 655 шетелдік жауапкершілікке тартылды.

Олардың 164-і елден тысқары шығарылды. Сонымен қатар қолданыстағы ережелерге сәйкес, қабылдаушы тарап шетелдіктің Қазақстанға келгені және тұрғылықты жерінің өзгергені туралы көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті.

Бұл талап шетелдік азамат келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде орындалуы қажет. Хабарламаны уақытылы бермеу қабылдаушы тарапқа 10-нан 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Егер бір жыл ішінде бұл ереженің қайта бұзылғаны анықталса, шақыруларды рәсімдеуге 1 жылға тыйым салынады.

Уақытша тұруға рұқсат келесі мақсаттар үшін 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі:

  • Еңбек қызметі (еңбек шарты негізінде);
  • ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) елдері үшін жұмысқа рұқсат немесе еңбек патенті негізінде;
  • Бизнес-иммигрант ретінде кәсіпкерлік қызмет;
  • Отбасымен қосылу;
  • Оқу, емделу, миссионерлік қызмет.

Қазақстаннан шыққан жағдайда, уақытша тұруға рұқсат өзінің ресімделген мерзімінің соңына дейін жарамды болып қалады. Елге қайта кірген кезде, оны қайта рәсімдеудің қажеті жоқ.