14:25, 14 ақпан 2025
Алматыда полиция балабақшадағы тәрбиешінің балаға көрсеткен қатыгездік әрекеттерін тергеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәрбиешінің әрекеттері бейнеленген кадрлар 14 ақпанда желіде тарады. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, 4 жасар бала балабақшадағы ұрып-соғу жайлы ата-анасына шағымданған. Осылайша, ересектер бейнебақылау камераларын қарай бастаған. Көп ұзамай мұғалімнің жылап жатқан баланың тыныс алу жолдарын ұзақ уақыт жауып, аяғынан сүйреп, дөрекі сөйлеген әрекеттері табылған.
Ата-аналар полицияға жүгінді.
Алматы ПД баспасөз қызметінде кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғағанын айтты.
«Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кінәлі адамдар заңнамаға сәйкес жауап береді», — делінген ақпаратта.
Бұған дейін Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталғандығы хабарланған болатын.






Leave a Reply