Ташкентте ірі базар толығымен жанып кетті


12:33, 11 тамыз 2025

Бүгін, 11 тамызда, түнде Өзбекстанның астанасы Ташкентте алапат өрттің салдарынан «Уч Кахрамон» базары толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oblakouz Telegram-арнасының мәліметінше, өрт 02:22-де басталған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеті минуттан кейін келген, тілсіз жауды ауыздықтауға 10 экипаж атсалысқан.

Қызыл жалын 03:24-ке дейін сөндірілген, ал толықтай 04:46-да өшірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бұған дейін Түркияда жойқын жер сілкінісі болғандығын жазғанбыз.