Нұрсұлтан Алтынбек бокстан Әлем кубогының 1/4 финалына шықты


Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Алтынбек Фос-ду-Игуасуда (Бразилия) өтіп жатқан Әлем кубогының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі іріктеу кезеңінде төртінші орынға шықты.

Алтынбек төрешілердің шешімімен Майкл Триндадеден (Бразилия) басым түсті.

Отандасымыз 1/4 финалда франциялық Билал Беналимен қолғап түйістіреді.