16:34, 2 қыркүйек 2025
2025 жылғы 1 қыркүйекте Тараз қаласында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, оның барысында мектеп оқушыларының бірі пышақ жарақатын алып, қайтыс болды. Zakon.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.
Желідегі мәліметтерге сүйенсек, жанжал тұрмыстық себептерден туындаған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға мектеп аумағында болмаған және жасөспірімдер бір-бірін бұрын танымайтын.
Аймақтық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.
«Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.






Leave a Reply