Алматыда самокат тізгіндеген жасөспірімдер нәресте жатқан арбаны қағып кетті


16:40, 2 қыркүйек 2025

Желіде Алматыдағы шағын көшелердің бірінде самокат тізгіндеген екі жасөспірімнің нәресте жатқан арбаны қағып кеткені бейнеленген видео тарады. Абырой болғанда, сәби зардап шеккен жоқ. Zakon.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қалалық полиция департаментіне жүгінді.

2025 жылдың 2 қыркүйегінде полиция қызметкерлері құқық бұзған кәмелетке толмағандарды анықтағанын нақтылады.

Олар жеке қозғалуға арналған құралдарды пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал олардың ата-аналарына балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін шара қолданылды.

Сондай-ақ, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Оларға мұндай құқық бұзушылықтарға жол берілмейтіні, бақылаудың күшейтілетіні және оның салдары туралы түсініктеме берілді», – делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратында.

Бұған дейін Алматылық 55 жастағы әйелді самокат мінген қыз қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткенін жазғанбыз.