Таеквондошы Евгений Васенкин жасөспірімдер Азиадасының алтын медалі үшін бақ сынайды


16:51, 26 қазан 2025

Қазақстандық таеквондошы Евгений Васенкин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Васенкин Иордания өкілі Ахмад Альрабабахты 2:0 есебімен жеңді.

Финалдық айқас 26 қазанда өтеді.