Қостанай облысының тұрғынан полицейлер гашиш тәркіледі


10:11, 20 қазан 2025

Қостанай облысында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер ірі көлемде есірткі затын сақтаған деген күдікпен 47 жастағы ер адамды ұстады.

Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген шара кезінде күдікті қаладағы гараждардың бірінде ұсталған. Тінту барысында одан салмағы бір келі болатын гашиш табылып, тәркіленді.

Медициналық сараптама ер адамның есірткі қолданғанын растады. Ал сот-химиялық сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың гашиш екені анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.