13:42, 18 сәуір 2026
Алматы полициясы әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Әл-Фараби даңғылында бір топ жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұза отырып, қауіпті маневрлер жасағаны бейнеленген видеоны анықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнежазбада тіркелген бұзушылықтар:
- қарсы бағыттағы жолаққа шығуы,
- күрт маневрлер жасауы,
- апатты жағдай туындатуы,
- қауіпсіздік талаптарын елемеуі.
«Жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде аталған құқық бұзушылықтарға қатысы бар барлық жүргізушілер анықталып, ұсталды. Құқық бұзушыларға қатысты қауіпті маневр жасау, қарсы жолаққа шығу, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін жағдай туындату, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпау фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды». Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинур Тасыбаев
Бұған дейін ШҚО-да есірткі таратумен айналысқан екі күдіктінің ұсталғанын жазғанбыз.






Leave a Reply