10:44, 26 қыркүйек 2025
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның фотосуреті Нью-Йорктің басты көшелері мен даңғылдарында ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фотосуретте «Әлем – бесеуден үлкен» және «Әділетті әлем құруға болады» деген сөздер жазылған. Бұл – БҰҰ жүйесін реформалауға шақырып жүрген Түркия көшбасшысының жыл сайын қайталайтын әйгілі үзінділері, деп жазады түрік басылымы Anadolu Ajansı.
Cumhurbaşkanı Erdoğan’ın «Daha Adil Bir Dünya Mümkün» (A Fairer World Is Possible) sözü, New York’un ünlü Times Meydanı’ndaki led ekranlarda yansıtıldı pic.twitter.com/1gnqKzLcDQ
— Anadolu Ajansı (@anadoluajansi) September 24, 2025
БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында сөйлеген сөзінде Ердоған бұл халықаралық ұйымды реформалау қажеттігін тағы да атап өтті.
«Күш емес, әділет үстемдік ететін жүйе құрылғанға дейін, біз «Әлем – бесеуден үлкен!» деп айтуды жалғастырамыз», – деді ол.
Бұған дейін Зеленскийдің Путинмен кездесуді Қазақстанда өткізуді ойлап отырғанын жазғанбыз.






Leave a Reply