Оңтүстік Кореяға жұмыс визасын жасап беремін деп азаматтарды 92 миллион теңгеге алдаған алаяқ сотталды


10:43, 7 наурыз 2025

Түркістан облысында алаяқ 2023-2024 жылдар аралығында 23 жәбірленушіні Оңтүстік Корея мемлекетіне еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс визасын жасап беремін деп алдау арқылы 92 020 000 теңге жымқырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Алаяқ 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 23 жәбірленушілердің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.