Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Аустриядағы Гран-при жарысының жартылай финалына шықты


18:52, 7 наурыз 2025

Аустрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при санатындағы турнир басталды. Қазақстандық Әбиба Әбужақынова жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 48 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Әбиба турнирді екінші айналымнан бастады. Бірінші жекпе-жекгінде жапониялық Мизуки Хараданы жеңді. Ал ширек финалда Жаклин Шпрингерден (Аустрия) басымырақ түсті.

Әбибаның жартылай финалдағы қарсылас кейінірек анықталады.