Нұртілеу Өтеген жасөспірімдер Азиадасында күміс медальға ие болды


16:56, 25 қазан 2025

Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Нұртілеу Өтеген Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін айқасқа шықты, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Ақтық сында отандасымыз Амирмахди Вазифехпен (Иран) кездесті. Жекпе-жек өте тартысты өтті. Жеңімпаз тек овертаймда анықталды. Амирмахди қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп, алтын медальға ие болды. Осылайша, Нұртілеу Өтеген жасөспірімдер Азиадасын күміс медальмен аяқтады.

Айта кетейік, осы спорт түрінен бұған дейін 50 келіге дейінгі салмақта Амелина Бакиева алғаш болып алтын медаль иеленген еді. Сондай-ақ ММА бойынша Қазақстан құрамасы Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Санжар Қартай екінші алтын медальға қол жеткізді.