16:30, 25 қазан 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 25 қазанда Таиланд короліне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев патшайым-Ана Сирикиттің қайтыс болуына байланысты король Маха Вачиралонгкорн мен барша Таиланд халқына көңіл айтты, делінген Ақорда жариялаған жеделхат мәтінінде.
Айта кетсек, 93 жасында Таиланд патшайымы-анасы Сирикит дүниеден озды. Ол бұрынғы король Пхумипона Адульядеттың жары, олардың бас қосып, отбасы болғанына биыл 60 жыл толған. 2012 жылы Сирикит инсульт алып, содан бері іс жүзінде қоғамдық өмірге аса араласпай келген.
Сирикит Китиякара бай отбасында дүниеге келген, оның ата-анасы да бұрынғы Чакри патша әулетінің туыстары болған. Ол одақтастары тарапынан бомбалауға ұшыраған әскери Бангкокта оқушылық кезеңін өткізіп, ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейін дипломат әкесімен бірге Францияға көшіп кетеді. 16 жасында Сирикит Парижде Таиландтың жаңадан таққа отырған королімен кездеседі. Ол кезде ол музыка мен шет тілдерді оқып жүрген. Олардың қарым-қатынасы Пхумипон жол апатына ұшырап, бақилық болып кете жаздаған оқиғадан соң ерекше реңке ие болады. Сирикит сүйіктісін ба,ып-күту үшін ол оқып жатқан мемлекет — Швейцарияға қоныс аударады. Ерлі-зайыптылар 1950 жылы үйленіп, төрт балалы болады: қазіргі патша Маха Вачиралонгкорн және Уболратана, Сириндхорн, Чулабхорн ханшайымдары.






Leave a Reply